Center Image
IHSAN.KZ
Ақпарат насихат тобы Ақтауда
Жергілікті мешіттерде жамағаттармен жүздесіп, жұма намаздарын өткізуді жоспарға енгізген өкіл имам Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасына сай №1-мешітінің наиб имамы Бақдәулет Қыдырбайұлы Теміртау қаласына қарасты, Ақтау кентіндегі мешітте «Мухаррам айы және ашура күні» тақырыбында уағыз айтып, жұма намазын өткізді. Намаздан соң үлкен-кіші жамағаттармен сұхбат өрбіді. Шағын кенттегі мешіттің жұмыстарын үйлестіріп отырған Фазыл қаридың имам болып тағайындалған бір жыл ішінде игі істер атқарылған екен. Қолы қалт етіп мешітке келген кісілерге дәріс өткізіп, кеңес беріп отырады. Мешітке еден арқылы жылыту қондырғыларын орнатып, жетпіс орындық асхананы күрделі жөндеуден өткізген. Мешіт іші мұнтаздай таза. Алыстан көзге шалынатын мұнара орнатқан. Отын, көмірге арналған қосалқы бөлме жасатқан. Мешітке түсетін түсім мардымды болмаса да Алланың разылығын табуды мақсат етіп, қалауын тауып қызмет етіп отырған имамның осы ісі өзгелерге де үлгі етуге тұрарлық. Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі [gallery link="file" ids="11167,11168"]

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz