Center Image
IHSAN.KZ
Студенттермен  жиын өткізілді
ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасына сай Қарағанды өңіріндегі  «Жалпы және жастар ісі бөлімінің» ұйымдастыруымен Қарағанды облыстық орталық мешітінің ұстаздары Нұрбол Тағаев пен Мұхит Жаримбетов Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің  жатақханасында  өткізілген кездесуге барып қайтты. Бұл кездесудің мақсаты – студенттерге   қасиетті дініміз бен   ел арасында бүлік шығарып жүрген  өзге ағымдардың  ара-жігін кеңінен түсіндіру және бір-біріне байланысы жоқтығын үндеу. Жиында экстремизм, терроризмдердің төңірегінде  болып жатқан келеңсіз жайттардың жайы қозғалып, нақты деректер келтірілді. Сондай-ақ  жастарға өзге бағытты ұстанып, елді арандатып жүрген мақсаты түсініксіз топтардың қисынсыз іс-әрекеттерінен сақ болуға үгіт-насихат жүргізілді. Н.Тағаев жас өрендерге асыл дініміздің құндылықтары мен ізгі амалдары жайында кеңінен айта келе: «Ислам — әділдікті, қарапайымдылықты, ізгі жолды, игі жақсылықты ту еткен асыл дін», — деп сөзін аяқтады. [gallery link="file" ids="11171,11172,11173,11174,11175,11176,11177,11178,11179,11180"]      

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz