Center Image
IHSAN.KZ
Республикалық Құран жарысы өтеді
Республикалық Құран жарысы өтеді
988cbb926d2e869c94344324c4375443 Қарашаның он бірінде Қарашай-Черкесия Республикасында Құран жарысы өтеді. Республикалық бәйгеге медреселердің және Ислам институтының студенттері қатыса алады. Шарт бойынша, қатысушы әділ-қазылар таңдаған кез келген беттен тәжуид ғылымы бойынша білімін көрсетуі қажет. Бұл жарысқа қыздар да қатысады. Алайда, олардың сайысы басқа орында өткізіледі. Черкесия мұсылмандары діни басқармасы жеңімпаздарға арналған сыйлық мөлшерін де белгіледі. Үшінші орын алған Құран оқушы мың доллар, екінші орын – екі мың доллар көлемінде сыйақы алады. Ал жеңімпаз 2015 жылғы Қажылыққа жолдама алады. Іс-шараға байланысты шақырту ел басшысына да жіберіледі деп жоспарлануда. 

asylarna.kz


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz