Center Image
IHSAN.KZ
Түсік тастаудың зияны жайында уағыздар жүргізілді
ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасына сай, «Жалпы және жастар ісі» бөлімінің меңгерушісі Мерей Жақия Қарағанды мемлекеттік медициналық колледжінде өткізілген жиынға барып қайтты. Әр саланың мамандары мен аталмыш колледждің студенттері жиналған дөңгелек үстелде "Отбасылардың ажырасуының негізгі себебі неде?", "Түсік тастаудың зияны" сынды өзекті мәселелер төңірегінде тарқатыла айтылып, кейінгі буын жастарға маңызы зор мәліметтер берілді. Сонымен қатар, М.Жақия жиналған жастарға дәстүрлі дініміздің көркемдігі жөнінде әсерлі әңгімелер мен уағыздар насихаттады. Ары қарай өзге ағымдардың жүрігізіп жатқан теріс іс-әрекеттерінен сақ болуға үндеді. Жалпы дінге қатысты сауалдар болса міндетті түрде мешіттің ұстаздарына, имамдарына жолығуға кеңес берілді. Сондай-ақ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бекіткен кітаптарын, сайттарын, имани басылымдарын қараған абзалырақ екенін айтып өтті. Жиын соңында жастарымыз өздерінің ойларымен бөлісе келе, мамандарға түрлі тақырыпта сауалдарын жолдап, тұщымды жауаптар алды. [gallery link="file" ids="11892,11893,11895,11896,11898"]

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz