Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Бас мүфти астаналық «Ақсақалдар алқасымен» кездесті (ФОТО)
19 қараша, 2014 жыл 128 Басып шығару нұсқасы

Өздеріңізге белгілі, бүгінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының алға қойған игі бастамалары ұлттық құндылықтармен қатар өріліп, ізгі істердің басы-қасынан елге елеулі азаматтар табылып, қоғам және мәдениет қайраткерлері бір мүдде маңына топтасып, жұмыла жұмыс атқарып келеді. Соның бір айғағы, жыл басында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астана қаласы бойынша өкілдігі болып танылатын «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының ұйытқы болуымен «Ақсақалдар алқасы» құрылған болатын. Зиялы қауым өкілдерінен құралған кеңес ұжымының атқарар жұмыс ауқымы мен қаузайтын тақырыптары да – ел ертеңіне ерте бастан қам жасау, ұрпақ тәрбиесі, діл мен дін, елдік мәселелер. Бүгін астаналық кеңес мүшелерімен Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы арнайы кездесу өткізіп, елордадағы Діни басқарманың жаңа кеңсесінде дөңгелек үстел отырысы болды.


Келелі басқосуға «Ақсақалдар алқасының» төрағасы, философия ғылымының докторы, академик Ғарифолла Есім, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Орынбай Рахманбердиев, Республикалық «Қан сонар» аңшылар қауымдастығының төрағасы Оралбай Әбдікәрім, ҚМДБ аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев пен ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкіл имамы Наурызбай қажы Тағанұлы қатысып, кеңес күн тәртібіндегі мәселелер бойынша әңгіме өрбіді.


Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы дін мен дәстүрге қайшы көзқарас ұстанатын, қоғамға лаң салып, бүлік тудырып жүрген жат ағым өкілдерін табанды түрде даналық жолымен мүфтият төңірегіне топтасуға күш салу, уағыз-насихат жұмыстарын жандандыру, жұртымызды ізгілікке, бірлік пен ынтымаққа шақыру және қайырымдылық  шараларды жиі өткізу секілді бірқатар маңызды мәселелерді қозғай келіп, бұл орайда халықпен жалғасқан көпір саналатын елге сыйлы ақсақалдардың, зиялы қауым өкілдерінің орын айрықша екенін атап өтті. «Біз бүгінгі зайырлы қоғам заңдылықтарын сақтай отырып, ата дініміз бен төл дәстүрімізді шашауын шығармай, елге жеткізуге бар күш-жігерімізді салудамыз. Бұл орайда халыққа айтары бар, өмірге жан-жақты таныммен қарай білетін сіздердің ақыл-кеңестеріңіз бізге ауадай қажет» деген Бас мүфти алқа мүшелеріне өз ришалығын білдіріп, бүгінгі таңдағы маңызды деген мәселелерге тоқталып өтті. Бас мүфти көтерген ұсыныстардың бірі, көршілес Түрік елдері секілді өз елімізде де ұрпаққа ұлттық ұстаным тұрғысынан сабақ, тәлім-тәрбие беретін мектеп-интернаттар ашу. Бұл бастаманы іске асыру үшін бүгінде ғимарат, үй-жай мәселесіне қол созуға даяр кәсіпкер азаматтар да жоқ емес. Ержан қажы Малғажыұлының тастаған ұсынысына қолдау білдірген алқа төрағасы Ғарифолла Есім бұл істі осы бастан қолға алып, аяқсыз қалдырмау керек екендігін айтты. «Ержан қажы Малғажыұлы, бастамаңыз өте орынды. Неге өзіміз өз ұрпақтарымызды діні мен діліне берік етіп тәрбиелемеске. Игі бастаманың заңдық тәртіптері мен жолдарын осы бастан қарастырып, істі қолға алу керек» деді алқа төрағасы. Төраға сондай-ақ алдағы уақытта Діни басқарманың қатысуымен, басқарманың тікелей қарауына жататын намазханаларды ел аумағында көптеп ашылса деген ұсынысын да жеткізді. «Өзіміздің Діни басқармамызға қарасты, өзге елдің жыртысын жыртқан топтардың емес, өзіміздің қарамағымызға қарайтын намазханалар ашу жағын қарастырсақ» деген төраға сөзін жалғастырған Сенат депутаты Орынбай Рахманбердиев қазіргі таңдағы мешіт салу мәдениеті жайында өрбітті. «Бүгінде жер-жерде мешіттер бой көтеруде. Әрине, көңіл қуантарлық жағдай. Дегенмен, сол мешітке өз ата-бабасының есімін беру немесе алақандай ауылда екі ру екі мешіт салып алу секілді келеңсіздіктер орын алмағаны да дұрыс» деді. Бұл мәселе де Діни басқарма назарынан тыс емес екендігін айтқан Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы осы турасында бірер жайды тілге тиек етті. «Жуырда ғана оңстүстік өңірінде ашылған үлкен мешітке де атау беру кезінде осы іспеттес жайдың куәсі болдық. Алайда, мешітке атау беру мәселесінде қандай да бір кісінің есімі берілер болса, ел мен жердің, ұлттың қамын ойлап, еңбек еткен қоғам не дін қайраткері болса, онда бұл дұрыс. Ал есімі елге белгісіз кісінің есімін беру ерсілеу екенін біз әрдайым айтып келеміз»,- деп Ержан қажы Малғжаұлы бұл мәселені басты назарда екендігін жеткізді.


Сенат төрағасы Орынбай Рахманбердиев бүгінде Діни басқарма атқарып отырған ауқымды істердің халыққа насихатталу жағына да алаңдайтындығын айтты. Осы орайда Алтынбек Ұтысханұлы Бас мүфтидің тапсырмасымен жуырда Республикалық көлемде конференция ұйымдастырып, өңірлерде атқарылған шаралар жайлы бейнероликтер даярланып, барлық аймақтарға таратылатынын мәлімдеді.


Осы секілді іргелі істердің ау-жайын қаузаған бүгінгі басқосуда Бас мүфти осы игі шаралардың барлығы да ел иглігі, жұрт тыныштығы үшін атқарылып отырғанын, асыл діннің аманатын ел мұратымен үндестіріп, халықа жеткізу басты міндет екенін айтып, сөзін қорытындылады. Діни басқарманың Астанадағы шаңырағына келіп, келелі кеңес өткізіп, ойларын ортаға салған зиялыларға өз алғысын білдіріп, сый-сияпат жасады.


Жайық НАҒЫМАШ

_48A1285_1_48A1304_48A1370_48A1378_48A1292IMG_0469IMG_0470

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары