Center Image
IHSAN.KZ
Қазақстанда халал дәрі-дәрмек пайда болады
Қазақстанда халал дәрі-дәрмек пайда болады
medium2015 жылдан бастап Қазақстан дәріханаларында халал дәрі-дәрмектер сатыла бастайды. Халал препараттар шығарумен айналысатын Иорданиялық фармацевтика компаниясы келер жылдан бастап Қазақстанда өз филиалын ашуды жоспарлап отыр. Бұл жайында компания өкілі Ахмед Жабар мәлімдеме жасады.

Халал дәрі+дәрмектер өзге препараттардан құрамында шошқа майы немесе алкогольдің болмауымен ерекшеленеді. «Қазіргі уақытта халықаралық саудада халал дәрілердің үлесі бар болғаны 5 пайыз ғана. Ал, мұсылман елдерінің барлығында дәрілер халал стандартпен шығарылады», – дейді Ахмед Жабар.

Ахмедтің айтуынша, Иорданияда және басқа да халал дәрі өндірілетін елдер де фармацевтикалық компаниялар жұмысы қатаң қадағаланатын көрінеді. Кез келген дәрі сертификатсых сатылымға шығарылмайды.

muftiyat.kz


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz