Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«ДІН МЕН ДӘСТҮР – ЕГІЗ ҰҒЫМ»
26 желтоқсан, 2014 жыл 138 Басып шығару нұсқасы

6ee4b2143c3bbcea5bcddb5fe484e3522014 жыл 26 желтоқсанда, яғни бүгін сағат 18:00-де Астана қаласы, Республика даңғылы, 2 мекен-жайында орналасқан  «Астана» ұлттық сурет галереясында «ДІН МЕН ДӘСТҮР – ЕГІЗ ҰҒЫМ» атты рухани кеш өтеді.





ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы дін қызметкерлері үшін 2014 жылды «Дін мен дәстүр» жылы деп жариялады. Бұл бастаманың мақсаты – дін мен дәстүр сабақтастығын халық арысында кеңінен насихаттау.


«ДІН МЕН ДӘСТҮР – ЕГІЗ ҰҒЫМ» атты рухани кешті ұйымдастырудағы мақсат – «Дін мен дәстүр» жылы аясында атқарылған іс-шараларды қорытындылау, келер жылғы игі шараларға бағыт жасау. Кешті ұйымдастыру арқылы халыққа Ислам құндылықтарын жан-жақты жеткізіп, паш ету.


Рухани кешке қоғам қайраткерлері, ҚР Парламентінің депутаттары, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшелері, Мұсылман елдерінің елшілері, облыс имамдары, қарттар үйінің және жетім балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, теолог мамандар қатысады деп күтілуде.


Рухани кеште бұқара халыққа дәстүрлі әншілердің орындауында ән-термелер, айтыс ақындарының арнаулары орындалып, арнайы әзірленген діни-ақпараттық басылымдардың көрмесі ұсынылдады.  2014 жылы дін мен дәстүр сабақтастығының насихатталуына ерекше үлес қосқан 19 адамға ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының арнайы сый-сияпаты табысталады.


Қосымша ақпарат алу үшін 8 (7172) 28-62-20, 87023505313 (Ағабек Қонарбайұлы) телефондарына байланысуға болады.


ҚМДБ баспасөз қызметі



Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары