Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Асыл дін - асыл мұраттардың бастауы
06 қаңтар, 2015 жыл 216 Басып шығару нұсқасы
 

Ислам әлеміне келу, мұсылман қызы атану  Людмила есімді  қыздың арманы еді. Ақ армандарының орындалуының жолында жүрген  неміс қызы күніне бес рет сәждеге бос қойып,  Алла Тағаланың разылығына, рахымына бөлену  бақытына ие болды.


Асыл дінге деген құрметі жоғары  Людмила өзінің жақын туыстарымен бірге Балқаш қалалық мешітінің бас имамы Асылхан қажы Рахымжанұлының қабылдауында болды.


Бас имам бұл жандарға  қасиетті дініміздің құндылықтарын, өтейтін парыздарын тереңінен түсіндіріп берді. Сонымен бірге дәстүрлі дінімізді насихаттай отырып, келген қонақтарға «Дін мен Діл» кітабын сыйға тарту етті. Әсерлі кездесу барысында  Людмила қыз кәлима-шаһадатты қайталап айтып, мұсылманша Ләйла есімін алды.


[gallery link="file" ids="13155,13156,13157"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары