Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қажы апалармен бірге Құран қасиеті айшықталды
18 қаңтар, 2015 жыл 145 Басып шығару нұсқасы

Ислам тарихында хақ дінді шүбәсіз қабылдап, ақиқат сенімді нық ұстанып,  Алланың тура жолының дамуына үлес қосқан саңлақ сахабалармен бірге ардақты аналардың қатары кем болмаған. Сол ізбенен қияметке дейін келетін адамзат баласының ішінде әйел қауымы хақ Исламның мұраттарын саналы түрде түсініп, оның өміршеңдігін өмір салтына айналдырып келеді деуге болады. Қарап отырсақ, қазіргі таңда жер-жердегі мешіттерде әйелдерге арналған діни сауат ашу курсында егде жасына қарамай тәлім алып жүрген аналар қатары көп-ақ. Асыл аналардың күн райына қарамастан, сауаптан үміт етіп жыл бойы бірі жаяулап, енді бірі қоғамдық көлікпен мешітімізге көрік беріп ұжымдасып келіп жүргеніне қарап көңіл сүйсінеді. Мешіт қабырғасында алған имандылық иірімдерін орнықты отбасыларында дәріптеп, ұрпақтың ибалы болып өсуіне игі амал жасап жүрген аналарымызға Алла қуат берсін. Қарағанды қалалық №1-мешітіндегі дәрістерге қатысып жүрген апаларға арнап бас имам Орманбет қажы Болатұлының белгілеп берген кестесі бойынша мешіттің имамдары айына екі мәрте Құран тәпсірлерінен дәріс беруді дәстүрге айналдырған. Наиб имам Ермахан Оралбай қасиетті Құран аяттарының қайнар бастауларынан  сыр шертіп «Тәпсір тұнығы» кітабынан ғибратты сабақ өткізді. Кешегі мен бүгінді сабақтастырып, жарқын болашаққа бастайтын салиқалы сұхбатта Алланың кітабы Құранды басшылыққа алып, оның екі дүние бақытына қол жеткізетін шырағдан екендігі айтылды.  Осы ақиқатқа бастайтын кітабымызды үмметіне жеткізген Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (ﷺ) мәуліт айы осындай орамды ой-пікірлер қалыптасатын қағидалармен айшықталды.


Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі

[gallery link="file" ids="13391,13392"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары