Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Мектепте тәлімі мол кездесу өткізілді
19 қаңтар, 2015 жыл 136 Басып шығару нұсқасы
Бұқар жырау ауданы «Жыржыс қажы» мешітінің ұйымдастыруымен аудан орталығындағы  Қазақ орта мектебінде жоғары сынып оқушыларымен кездесу сағаты болып өтті.

Мектепте өткізілген кездесу «Тәрбие - тал бесіктен басталады»  деген атаумен өтіп, жас өрендерге  Отанды сүю, ата-ананы қадірлеу, үлкенге құрмет көрсету жайында тағылымы мол уағыздар насихатталды.

Кездесуге Қарағанды облысытық орталық мешітінің наиб имамы Қосмағамбетов Бекболат және аудан имамы Аманбол қажы Рымқұлұлы, мектеп директоры Бакишев Серік қатысты.

Кездесу барысында имамндылықты арттыруға, өнегелі өмірді қалыптастыруға септігін тигізетін тақырыптар кеңінен айтылды.  Сонымен бірге оқушылардың ой-пікірлері, көзқарастары  тыңдалып, сұрақтарына жауап берілді.

Мектеп басшысының осындай игі  басқосуларға бей-жай қарамайтыны, әрдайым өскелең ұрпаққа пайдалы кездесулерде  басы- қасында болып, жастардың тәрбиесіне жанашырлықпен қарайтынына ұйымдастырушылық  тарапынан  Серік Бәкішұлына алғыс білдірілді.

[gallery link="file" ids="13402,13403,13404"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары