Center Image
IHSAN.KZ
Мешітке арнайы шаңғы сыйлады

Әр мұсылман баласының бойында  имандылығы,  білімділігі, спортқа деген қызығушылығы үстем болса, ғасыр көшінен қалмайтыны анық. Осы мақсатты ту еткен мешітіміздің жамағаты  Зәкария  Абдрахманов шаңғы және шаңғы тебуге арналған аяқ киімді Қарағанды облыстық орталық мешітінің имамдарына сыйға тарту етті. Арнайы сыйлықты қабыл алған облыстық мешіттің найб имамы Дархан Асылтайұлы  Зәкария ақсақалға имамдардың атынан алғыс білдіріп, салауатты өмір салтына деген  ықыластың зор екенін жеткізді.   Осылайша кейінгі буынға үлгі-өнеге көрсетіп жүрген мешітіміздің ең белсенді жамағаты Зәкария   атамызға әрдайым тілекшіміз.

[gallery link="file" ids="13893,13894"]

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz