Center Image
IHSAN.KZ
Түзеу мекемесінің қызметкерлерімен кездесу өтті

    Балхаш қаласындағы   «АК–159/21» түзеу мекемесінде, бас бостандығынан айырылған азаматтарды бақылаушы қызметкерлерімен кездесу өтті.

Жиынға Балқаш қаласының мешітінің бас имамы Түсіпбеков Асылхан Рахымжанұлы, “АК – 159/21 ” РММ Балқаш бөлімшесінің бастығы Жанат Мақсұтұлы, Білім бөлімінің маманы Гүлмира Базылханқызы, қалалық ішкі саясат бөлімінің маманы Айым Алтынбекова қатысты.

Кездесу барысында мамандар мен мекеме қызметкерлерін бас имам Мәуліт мерекесімен құттықтап, Мәуліттің мәні мен маңызы жайында және  «Теріс пиғылды ағымдардан сақ болу» тақырыбы бойынша уағыз насихаттады.

Мекеме қызметкерлері имамға сауал жолдап, мазмұны мол мағұлматтармен ақпараттанды.

Кездесу соңында Асылхан қажыға алғыстарын білдіріп, тек имамдардан ғана дінді үйрену керек екен  деп ағынан жарылды.

[gallery link="file" ids="13867,13868,13869,13870"]

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz