Center Image
IHSAN.KZ
Алланың разылығы ананың разылығында

Апта ішіндегі қасиетті жұмада ҚМДБ –ның  Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ Қазкенұлының тапсырмасымен Балқаш қаласының мешітінің бас имамы Асылхан қажы Рақымжанұлы мен мешіт ұжымының имамдары ақ жаулықты апаларымызды,  ардақты аналарымызды, қарындастарымызды Мәуліт мерекесімен және 8-наурыз мейрамымен құттықтады. Жиналған әйел қауымына бас имам Асылхан қажы басты байлық  деңсаулық, отбастарына береке бірлік, екі дүние ғидаятын  тіледі.

Соңынан аналарымызға гүл шоқтары мен иықтарына орамал  жауып, «Пайғамбарымыздың соңғы өсиеті» атты кітабын  сыйға тарту етті. Мешіт ұжымының әйелдеріне ақ  дастархан жайды.

Аналарымыз мешіт бас имамы мен найб имамдарға ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтып тарасты.

[gallery link="file" ids="14903,14904,14905,14906,14907"]

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz