Center Image
IHSAN.KZ
Көмек көрсетілді
Көмек көрсетілді

DSC_0015Кеше Шахтинск қалалық "Нұр" мешітінің бас имамы Досбол Ыдырысұлының бастамасымен қаламыздағы жалғыз басты қарт анаға, жасы 80 – нің сеңгіріне келген Екатерина Мусинаға құрмет көрсетіліп, үйінің еденіне төсейтін қымбат бағалы кілем сыйға тартылып, азық-түлікпен қамтамасыз етілді. Ет, күріш, тағы басқа азық–түліктерді алып, көңілі бір марқайып қалған қамқөңіл ана «Нұр» мешітінің ұжымына және мешіт азаншысы Н.Байкешевке дән ризашылығын жеткізді. Елбасымыз Н.Назарбаев бір сөзінде: «Тәуелсіздігімізді баян ету-аңсар мұратымыз, өтпелі шақтағы қиындықты жеңу- азаматтық міндеттіміз, ал тұрмысы төмен азаматтарға, жалғыз басты қарттарға, ата – аналарының қамқорынсыз қалған балаларға қолдау көрсету-адамгершілік парызымыз»,- деген болатын.

«Алланың жолында не жасасаңдар да, Алла тағала міндетті түрде оның орнын толтырады»,-деп көрсетіліпті қасиетті сүрелердің бірінде. Иман жолындағы имамдарымыз адамгершілік парызды бірінші кезекке қойып, сауап іс жасауға асығады. Өзгелерді де қайырымдылық жасауға шақырып, Алланың разылығын алуға кеңестер береді. «Шаһарымыздағы жүрегінде қайырымы бар азаматтардың барына, әсіресе, адамдарды иманды, қайырымды және мейірімді болуға шақыратын мұсылмандар мешітінің дін өкілдеріне шын ниетіммен ризамын, оларға Жаратқан Иеміздің нұры жаусын! Маған көрсетіп жатқан көмектерін Тәңіріміз екі есе қылып орнын толтырсын», - деп жүрекжарды қуанышын жайып салған қарт ананың жүзіндегі шаттығын көріп, риза болдық.

Аманкелді Тұржанов


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz