Center Image
IHSAN.KZ
Болашақ – иманды жастардың қолында

  Еліміздің тұңғыш Президенті ел жастарымен болған кезектібір кездесуінде «Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биікболуы тиіс. Жастарыжалынжүректі, өршілнамысты, биікрухтыболса – олелдіңеңсесі де биікболады. Өршіл, намысшылжас отаншыл, патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмететуге ұмтылады,» — деген еді. Елбасының «Мен жастарғасенемін!» депайтқансөзіненбізгеүлкенсенімартыпотырғанынбайқауымызғаболады.

 Жастарға тағылымды тәрбие беріп, дұрыс жол сілтеуде дін мамандарының орны бөлек. Осы орайда ауданның имамдары жастар мәселесіне бей-жай қарап жүрген жоқ. Имам-молдалардың қатысуымен көптеген игі іс-шаралардың өтіп жатқандығы да мәлім.

 Жастарға діни тәрбие беру, дәстүрлі ислам діні туралы  жастар мен оқушылардың білімін ұлғайту мақсатында ақпараттық-насихаттық топ мүшелері Жараспай ауылы  мектеп оқушыларымен кездесті.  9 сәуірде ақпараттық-насихаттық топ мүшелері Жараспай ауылына темір ат басын тіреді. Аудандық мешіттің бас имамы Қоныскерей Құмарұлы, аудандық мешіттің наиб-имамы Исай Қайболдинов, аудандық жастар ісі жөніндегі Орталықтың маманы Асылбек Мұсабаев, Жараспай орта мектебінің директоры Жанкелді Рақымжанов, мектеп ұстаздары мен оқушылар белсене қатысты.  Жиынға арқау болған мәселелер: отбасы бірлігі, ата-анаға құрмет және бала тәрбиесі, төл дініміздің қоғамдағы орны, ол жердегі жастардың дәстүрлі дінімізге оң көзқарасын қалыптастыру, теріс ағымдардың ықпалынан сақтандыру. Кездесу соңында ақпараттық-насихаттық топ мүшелері жастар мен мектеп оқушыларына жылы лебіздерін білдірді.

Мақпал Жұматаева

Жастар ісі жөніндегі Орталық директоры

[gallery link="file" ids="15849,15850,15851"]

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz