Center Image
IHSAN.KZ
Ерсейіттей шәкіртті ел ұмытпайды

Балқаш қалалық мешітінің жамағат, үздік шәкірттерінің бірегейі Нұрсейітұлы Ерсейітті елі ұмыт қалдырмайды. Мешітте әрдайым Құран бағыштаумен қатар бүгін  Балқаш қаласындағы №16 орта мектебінде еске алу кеші болып өтті. Ерсейіт бауырымыз діни іліммен қатар, спорт саласын оның ішінде  тоғыз құмалақ ойынының жүлдегері еді.  Осыған орай тоғыз құмалақтан мектепаралық турнир ұйымдастырылды. Осы кешке Балқаш қалалық мешітінің найб имамы Айтқазин Рауан арнайы  қатысты. Сонымен бірге мектепте тәрбие берген ұстаздары Ерсейіттің алғырлығы жайында естеліктермен бөлісті.

Кештің өткізілуі барысында Балқаш қаласына қарасты мектептерден келген  оқушылар тоғыз құмалақ ойнымен жарысып, турнир соңында орын алған оқушыларға марапаттау қағаздары, медальдар және кубоктар табысталды.

[gallery link="file" size="medium" ids="16891,16892,16893"]

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz