Center Image
IHSAN.KZ
ҚМДБ: «Қазақ күресінен» мешіт жамағаттары арасында II-Республикалық турнир өтеді
ҚМДБ: «Қазақ күресінен» мешіт жамағаттары арасында II-Республикалық турнир өтеді

Article-1432018180-55155Қазақ хандығының 550 жылдығының құрметіне орай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен, 2015 жылы 06 маусымда Алматы қаласындағы «Достық» спорт кешенінде Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының жүлдесіне мешіт жамағаттары арасында «Қазақ күресінен» түйе палуандар арасында II-Республикалық турнир өтеді.

Палуандарды тіркеу және салмақ өлшеу жұмыстары 2015 жылы 03 маусымда сағат 14:00-19:00 аралығында, спортшылардың жарысқа дайындықтарын (тізелерін жауып тұратын спорттық киім үлгісі, жарысқа қатысуға денсулығы жарамды екенін анықтайтын дәрігерлік анықтама) тексеру, жеребе тарту шаралары 04 маусым күні сағат 15:00-17:00-ге дейін ҚМДБ-ның Алматы қаласындағы ғимаратында өтеді.

ЕСКЕРТУ

- Жарысқа 18 жастан жоғары ересектер жіберіледі. - Салмағы 74 кг. жоғары болуы шарт. - Әр палуанның өзімен бірге төлқұжаты және (жарысқа қатысуға денсулығы жарамды екенін анықтайтын) дәрігерлік анықтамасы болу керек. - Кәсіпқой спортшылар жарысқа жіберілмейді. Жарысқа тек әуесқой спортшылар ғана қатыса алады.

МАРАПАТТАУ

- I орын –қажылық - II орын – умра - III орын – бағалы жүлде

Сонымен қатар Бас мүфтидің мақтау қағазы және медальдармен марапатталады.

Мұхаммед пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Суға жүзуді, садақ атуды, атқа отыруды, күресуді, жүгіруді үйреніңдер, әрі өзгелерге оны үйретіңдер», – деген.  

muftyat.kz


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz