Center Image
IHSAN.KZ
Ислам діні – игі істер бастауы

Ислам – бейбітшілікті, жақсылықты, ынтымақ-бірлікті кеңінен насихаттайды. Дегенмен асыл дініміздің атын жамылып, ел арасында бүлік тудырып жүргендер де баршылық. Бүгінде дүниежүзілік айтулы мәселеге айналған экстремизм мен террорлық әрекеттерге  тосқауыл қойылып жатыр. Бұл әлемдік қауіп-қатердің алдын алуда Қарағанды өңірі  де өз үлесін қосуда. Осы орайда ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының тікелей тапсырмасымен АНТ-ның мүшесі, Қарағанды облыстық орталық мешітінің ұстазы Тағав Нұрбол Сайлауұлы Қарқаралы ауданына іс-сапармен барып қайтты. Аудан төңірегінде бірқатар кездесулер ұйымдастырып, жүйелі жоспар бойынша  «Ислам - экстремизм мен терроризмге түбегейлі қарсы!» тақырыбында уағыздар насихаттады. Қарқаралы аудандық мешітінің бас имамы Әміржан Әшімұлы, Ішкі саясат бөлімінің басшысы, мекеме басшылары және аудан тұрғындары қатысқан басқосуда өзекті тақырыптар кеңінен қамтылып, АНТ мүшесі Н.Сайлауұлына  сауалдары қойылып, нақтылы жауаптар берілді. Асыл дінімізді кеңінен дәріптеу, құндылығын насихаттау жұмыстары әлі де жалғасын таба бермек.

[gallery link="file" columns="2" size="medium" ids="16968,16969,16970,16971,16972"]

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz