Center Image
IHSAN.KZ
Қасиетті айда асыл дінге бет бұрды

Орыс ұлтының азаматы Вова Лазеров асыл дінге бет бұрды. Қасиеті мол діннің  құндылығын, Алла Тағаланың  хақтығын мойындаған жігітке Қарақұдық ауылының имамы Расул Акошев дін тазалығын, артықшылығы мен имандылыққа келудің шарттарын жеткізді. Өзіне беймәлім сауалдарына да кеңінен  мәлімет  алған азаматтың исламға деген құлшынысы айырықша екен.  Құрметтілік, шынайы пейіл, жақсылық жасау барлығы исламда екеніне, кеш болса да қастерлі дінді қабылдағанына шүкіршілік айтты. Бастысы жүрегінің қалауы орындалды. Имамның үйретуімен кәлим-шәһадатты жаттап алды. Бұл бір қайырлы іске, Аллаға сансыз шүкіршіліктер болсын.

Бұқар жырау аудандық мешітінің баспасөз бөлімі

[gallery link="file" ids="17608,17609,17610,17611"]

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz