Center Image
IHSAN.KZ
«Жетім көрсең, жебей жүр!»

 «Ендеше жетімді қорлама. Сұраушыны зекіме.» - деген Зуха сүресінің 9,10 аяттарына сүйенген Балқаш қаласы мешітінің жамағаты жетім-жесірлерге арнап қайырымдылық шарасын өткізді. «Жетім көрсең, жебей жүр» деген қазақ халқы қашанда бауырмал келген. Бүгінгі қайырымдылық шарада мешіттің бас имамы Асылхан қажы Рақымжанұлы 20-дан астам әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасылар мен жетім-жесірлерге тұрмыстық заттар мен азық-түлік таратты. Мешіт асханасында кең дастархан жайылып, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Жүректің құрышын қандырар термелер жаны жайсаң қарттардың жүрегін елжіретіп-ақ жіберді.

Сахл бин Саъд, оған Алланың ризашылығы болсын, ол Алланың елшңсңнң (с.ғ.с.) былай деп айтқанын жеткізген екен: «Мен Жәннатта жетімді асырағанмен мынадай бірге боламын!,- деп, сұқ саусағы мен одан кейінгі саусағының арасын ашып көрсетті (Аль-Бухари). Ендеше, бүгінгі мешіт басшылығының игілікті іс-әрекеті баршаға сабақ болары хақ! Рамазан айында өткізіліп отырған мұндай қайырымдылық шара алдағы күнде де жалғасын таппақ!

Балқаш қаласы мешітінің баспасөз хатшысы

[gallery link="file" columns="2" size="medium" ids="17729,17730,17731,17732,17733"]

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz