Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Ауызашар берудің аясы кеңейді
11 шілде, 2015 жыл 126 Басып шығару нұсқасы

Рамазан айын ауқымды шаралармен өткізуді міндеттеген өкіл имам Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасына сай Қарағанды қалалық №1-мешітінде тағы да ауызашарға ақ дастархан жайылды. Бұл жолы дайындалған дәмге мешітіміздің көркі болып жүрген дуалы ауыз ақсақалдар мен ақ жаулықты аналар қатыстырылды. Бас имам Орманбет Болатұлы рамазан айының өтіп бара жатқан әрбір күнгі құндылығын қадірлеуге шақырып, асыл дінімізді дәріптеуде өзіндік үлес қосып жүрген қарияларымызға алғыс айтты.  Бас имам: «Қарияларымыздың бес уақыт намазбен бірге күндізгі оқылатын хатым сабағы мен кешкі тарауих намазында хатыммен өтетін құлшылықты сергектікпен, құлшынып атқарып жүргендігі көзге қуаныш, көңілге сүйсініс ұялатады. Сіздер аман болыңыздар. Ел іргесі бүтін болып, иман айнасы болып алдымызда жарқырап жүре беріңіздер. Ораза мен дұғалар қабыл болсын!»-   деген жүрекжарды тілегін айтты.


Қарағанды №1-мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" size="medium" ids="17735,17736,17737,17738,17739,17740,17741,17742,17743"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары