Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Бала қажы» мешітінде Құран хатым аяқталды
16 шілде, 2015 жыл 103 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітіне қасиетті Рамазан айында Түркия республикасынан Фахри Илмаз қари арнайы шақыртылып, Құран хатым түсірілді.  Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының биылғы қасиетті  Рамазан айына жариялаған үндеуін қолдай, бір ай бойынша барша мұсылманға Құран хатым жасалып, қасиетті Қадыр түнінде тәмамдалды. «Құран кәрімді хатым еткен адамға алпыс мың періште истиғфар етеді» (Дәйләми) деген. Алланың жарылқауымен нәсіп етсе келесі жылы да мешіт қабырғасында Құран хатым етіледі. «Хатым дұғасы жасалған жерге қатысқан адам, олжа таратылып жатқан жерге қатысқан сияқты болады. Хатым етуді бастаған жерде болған адам жиһад етуші сияқты. Екеуіне де қатысқан адам екі сауапқа да қауышады және шайтанды масқаралаған болады» (Хазинәт –ул-әсрар) деген хадисті жамағатқа насихаттаған «Бала қажы» мешітінің бас имамы Махмуд қажы Нұрұлы түрік бауырымыз  Фахри Илмаз қариға батасын беріп, өз еліне шығарып салды.


«Бала қажы» мешітінің баспасөз хатшысы


[gallery link="file" size="medium" ids="17855,17856,17857"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары