Center Image
IHSAN.KZ
«Шапағат»  балалар  үйіне қайырымдылық жасалды

 Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің бас имамы Нуров Махмуд қажы «Шапағат» жетімдер үйіне қайырымдылық шара жасады. Ондағы бүлдіршіндерге киім-кешек, тағамдар мен қолданысқа қажетті түрлі заттар таратылды. Осылайша балақайлардың жылы сөзге жүрегі жібіп, киім кие денесі жылып, ойыншыққа көз қуанып, жанарларынан нұр тарады.  Бастарынан сипаған алақанды жандарымен сезінгендей. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Туыс немесе бөтен бір жетімді өзін құтқарғанға дейін баққан адамға жәннат уәжіп болады.» (Әбу Дауд) деп айтып кеткен. Олай болса осындай қайырымдалақ шаралар тек ораза айының шеңберінде қалып қоймай, жыл бойы жетімдерге жылы лебіз танылып, қамқорлық жасалсын деп тілейміз.

«Алла Тағала жетім баққан және оған жақсылық жасалған үйді жақсы көреді.» (Табарани) Әрқайсымыздың үйіміз Алланың мейірімі жауған үй болғай!

Қарағанды қалалық  «Бала қажы» мешітінің баспасөз хатшысы

[gallery link="file" size="medium" ids="17859,17860,17861"]

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz