Center Image
IHSAN.KZ
Балқаш халқы айт мерекесін тойлатты

 Балқаш қаласының мешітінде айт мерекесі тойланды. Далаға киіз үйлер тігіліп, мол дастархан жайылды. Таңертеңгілік айт намазы оқылып, Балқаш қаласы мешітінің бас имамы Түсіпбеков Асылхан қажы айттың қадір-қасиеті туралы уағыз насихат айтып, жамағатты мерекемен құттықтады. Өңір тұрғындары берекелі дастарханнан дәм татты. Мешіт ауласында қазақша күрес, арқан тарту сынды сайыстар ұйымдастырылып, мерекелік концерт өтті.  Қарт кісілер арнайы келіп, мешіт жамағатына ризашылықтарын білдірді.

Балқаш қаласы мешітінің баспасөз хатшысы

[gallery link="file" columns="2" size="medium" ids="17995,17996,17997,17998,17999,18000,18001"]

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz