Center Image
IHSAN.KZ
Қарқаралыда Құран хатым етілді
Қарағанды қаласындағы «Бала қажы» мешетінің имамдары игілікті істерді атқарудан белсенді болып келеді. Наиб имам Нұржан Қалмағанбетов өз шәкірттерін ертіп, шілде айының 24-26 күндері Қарқаралы ауданындағы басты мешітте Құран хатым етіп қайтты. Жиырмаға жуық жамағат «Құнанбай қажы» мешітінде болып, сонда тәлім алып жатқан шәкірттерге үлгі көрсетті. Үш күндік сапарда атқарылған істер көңіл қуантарлық. Мешіттегі жамағатқа Құран Кәрім хатым етілсе, Қарқаралының сұлу табиғатында арнайы қой сойылып, құрбандарға Құран бағышталды. Жиырмаға жуық шәкірт наиб имамнан Құран хатым етудің тәртібін, ережесін меңгеріп, мол тәжірибе алды. Құран тыңдауға келген басқа да жамағат, дән риза болып, Алладан дұға етті. «Бала қажы» мешітінің баспасөз хатшысы [gallery link="file" ids="18225,18227,18226,18224,18223,18218,18219,18221,18222,18220"]

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz