Center Image
IHSAN.KZ
Алланы тану – ақиқатты тану
 

Алланы тану – мәңгілік рахаттың есігі болған Жәннәттың есігін ашу. Бүгінде мешітке кеп, Алланы танып, діни сауат ашушылар қатары көбейіп келеді. Діни көзқарасын дұрыс қалыптастырып, сауатын кеңейтіп, иманын берік етемін деген жастар мен бозбалалардың саны артып келеді. Бұлардың қатары ата-ананың қамқорындағы балалардан бөлек, мемлекет қамқорында отырған жандармен де артуда. «Қарағанды облысының балаларға арналған психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі» ҚММ қамқорлығында жүрген мүгедек балалар бүгін «Бала қажы» мешітіне келіп уағыз тыңдап кетті. Ұстаз Аманжолов Сұлтанның Алланы танып, білу турасындағы насихатын тыңдап, көп ілім алды. Осында келген жас балақайлардан өмірге деген құлшыныстарының жоғары екендігін сезесің. Барлығы да  әлімнің қалай жаратылғанын, кім жаратқанын білуге кұштар. Алланы оның Пайғамбарларын білуге деген ынталарының зор екендігі соншалық, олар ұстазды екі, үш сағатқа дейін жібермеді. Көкейлеріндегі сауалдарын қойып, бірінен соң бірі өзекті мәселелер турасында сұрап, қанағаттанарлық жауап алды. Ораза ұстау, намаз оқу, сақал қою, хиджаб кию сынды өте өзекті тақырыптар қамтылды. Бүгінгі жиында қамтылған тақырыптардың барлығы да дене бітімі бұрыс болса да жүрегі адал, ойы терең азаматтар тарапынан туындаған сауалдар аясында өрбіді. Уағыз, насихат соңында олар мешітке экскурсия жасап, тамашалады.

Алланы танып, білуге құштар болған бұл балақайларға Алланың нұры жаусын дейміз! «Бала қажы» мешітінің баспасөз хатшысы [gallery link="file" ids="18371,18370,18372"]

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz