Center Image
IHSAN.KZ
Исламға жаны жақын Мария

Жуырда Саран қалалық мешітіне 15 жасар Мария есімді орыс қызы келіп, Ислам дінін қабылдағысы келетінін жеткізді. Әке – шешесінің рұқсатын алып, осы шешімге өз қалауымен келгендігін айтты.

Мешіттің ұстазы Әбдіғали Естай Исламды қабылдасам, жақсы жолға бет бұрсам деп оң ниетпен келген Марияға кәлимә шәһәдәт айтқызып, Исламның бірінші парызы «Алладан басқа Тәңір жоқ, Мұхаммед Оның елшісі» сөйлемінің мән – мағынасын түсіндіріп берді. Сондай – ақ, Ислам дініндегі әйелдің орны мен ақысы жайында уағыз –насихат айтты. Мария ендігі кезекте мешітке үнемі келіп, Ислам ілімдерінен сусындап, құндылықтарына тереңінен түсінгісі келетінін айтып, өз армандарымен бөлісті.

Саран мешіті

[gallery ids="18499,18500,18501"]

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz