Center Image
IHSAN.KZ
Сабыр – жақсылыққа жолықтырады
Сабыр – жақсылыққа жолықтырады

image-22-08-15-02-12-3«Қайрымыдылық көрсетсең, қайырын өзің көрерсің» атты қағидамен Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы Досбол Ыдырысұлы мейілінше қайырымыдылық жұмыстарын атқарып, мұқтаж жандарға көмек көрсетуде. Алла үйіне үлкен үміт артып, қайырымды жандардан көмек қолын созуды сұрап келген Үмітжан Ибрагимов бауырымызбен бас имам арнайы сұқбат құрып, денсаулығының сыр бергеніне мейірімді Алладан сабыр тіледі. Сондай-ақ, бауырымзға мешіт атынан жақын арада жасалатын отаға(операциясына) қаржылай көмек көрсетілді. Бас имам өз сөзінде: «Алдаңыздан шыққан әр қиындықты Алладан келген сынақ деп қабылдаңыз. Шыдамды да сабырлы болыңыз. Алла сабырлылықты ұнатады. Деніңізге шипа берсін»-деп, Үмітжанның деніне саулық тіледі.

Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің баспасөз қызметі.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz