Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Құрбан айтқа дайындық басталып кетті
28 тамыз, 2015 жыл 162 Басып шығару нұсқасы

Шет ауданындағы «Жанқұтты би» мешітінде Құрбан айтқа дайындық шарасы басталып кетті. Құрбан айттан бір күн алдын әрбір үйде дайындық жүргізіліп, үйдің іші-сырты күл-қоқыстан тазартылады. Сол себепті Бас имам Маханбетчин Берік қажы мешіттің іші-сыртын тазалауды істің басы деп санап, дайындықты бір ай алдын бастап кетті. Осы мақсатта «Жасыл ел» бағдарламасымен игілікті істер атқарып жүрген жастар мешітке арнайы шақыртылды. Мешіттің іші әрленіп, тазалық жасалды. Есік, терезелерге жаңа түс беріліп, шынылары тазартылды. Қабырғалары әртүрлі түспен боялды. Ер азаматтар қабырғалардың сырылып, түскен жерлерін қайта сылап, әжетхана кафелін жабыстырды.


Абу Мәлік әль-Хариса бин Асима әль-Ашъари (оған Алланың ризашылығы болсын) Алла Елшісінің (с.ғ.с.) былай деп айтқанын жеткізген: «Тазалық – діннің жартысы. «Әль-хамду ли-ллаһи» - деген сөз Таразыны толтырады, «Субхана-ллаһиуал-хамду ли-ллаһи» - деген сөз көк пен жердің арасын толтырады, намаз – нұр, садақа – дәлел, сабыр – жарқырау, ал Құран – сен үшін жақтаушы не қаралаушы дәлел. Барлық адамдар теңертең үйлерінен жандарын жақсылыққа, не қапасқа сату үшін шығады.» (Муслим).


Олай болса барлығымыз да бойымызды тазалықты сақтап, жақсы амалдарды жасауға үйретейік.


«Жанқұтты би» мешітінің баспасөз хатшысы


[gallery link="file" ids="18614,18615,18616,18617,18618,18619,18620,18621"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары