Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Бас мүфти: әрбір жас маман тұлғаға айналуы тиіс!
08 қыркүйек, 2015 жыл 94 Басып шығару нұсқасы

_48A3229Астанада «Президент телерадиокешені» ғимаратында өткен кездесуде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы белсенді жастарға осылай деді.


«Сіздердің араларыңызда болашақ министрлер отыр. Сіздердің әрқайсыларыңыз өмірде үлкен өнеге қалдырып, өзгеге үлгі бола білулеріңіз керек. Әрбір жас маман тұлғаға айналуы тиіс. Иманды адам еліне ықыласпен қызмет етсе, мемлекетіміздің мерейі үстем болады», – деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.


Сонымен қатар, ҚМДБ төрағасы жастармен кездесуде оларды мәнсапқа, атақ-абыройға қызықпауға, менмендікке жол бермеуге шақырды.


Айта кетейік, Бас мүфти дәрісіне студенттер, қоғамдық ұйымдардың белсенді жастары, «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері, журналистер, жас ғалымдар, мемлекеттік қызметкерлер қатысты.


Шараның мақсаты – өскелең ұрпаққа дұрыс діни ақпарат жеткізу, жат ағымның арбауына түсіп қалмауға шақыру, дін және қоғамның үйлесімділігін түсіндіру, дін және дәстүрдің сабақтастығын баяндау, дін және Отан ұғымын ашып, жіті әңгімелеу.


ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары