Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Медицина колледжінде «Діннің қоғамдағы рөлі» тақырыбында кездесу өтті
12 қыркүйек, 2015 жыл 122 Басып шығару нұсқасы

Балқаш қаласының медицина колледжінде тәлімі кездесу болды. Жүзге жуық тәлімгер Балқаш қаласы мешітінің наиб имамы Айтқазин Рауанның «Діннің қоғамдағы рөлі» атты тақырыпта өткізген жиынынан мол ақпарат алды. Кездесуде ислам дінінің құндылығы, ілім үйренудің артықшылығы, адам өмірін сақтап қалу, медициналық көмек қолын созудың мол сауабы бар екендігі жіті түсіндірілді. Әрине, әрбір істелген амал ниетке байланысты. Ниеті түзу болып, адам жанын арашалап қалатын дәрігерлік қызметтің маңызын діни тұрғыдан ұқтырып, мол ілім алу қажеттігі айтылды. Еркін қоғамда дандайсып жүрген жат ағымның жолына түсіп кетпеу, нағыз хақ дін ислам діні екендігі насихатталды. «Мүзәмміл» сүресінің 20-аятында «...және өздерің үшін, алдын ала хайыр істеңдер, оны Алланың қасында жақсы, зор сыйлық түрінде табасыңдар» деген. Яғни, әрбір істелген амалды шын ықыласпен, Алладан сауап тілеп атқарған абзалырақ екендігі түсіндірілді. «Әй, мүміндер, түгел Аллаға тәубе қылыңдар! Әрине құтыласыңдар» деген. («Нұр» сүресі, 31-аят). Осы аятты негізге ала отырып, тек бір Аллаға сеніп, тура жолда адаспай жүру қажеттігі мен ауыздағы иманды жүрекке жеткізу туралы уағыз айтылды. Қоғамдағы жат ағымдардың көшіне ілеспей, дінді танығысы келген жан мешітке барып, сауат ашуы дұрыс болатындығы баса айтылды. Тәлімгерлер өз тараптарынан сауалдар қойып, наиб имамнан көкейге қонымды жауаптар алды.


Балқаш қаласы мешітінің баспасөз хатшысы


[gallery link="file" ids="18852,18853,18854"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары