Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Студенттерге Құрбан айттың құндылығы түсіндірілді
22 қыркүйек, 2015 жыл 121 Басып шығару нұсқасы

Балқаш қаласынында мешіт имамдары студенттермен кездесу өткізді. Қала мешітінің наиб имамы Айтқазин Рауан Ж.С.Ақылбаев атындағы колледж студенттерімен кездесіп қайтты. Мұндағы мақсат – жастардың дінге деген көз қарастарын біліп, алда келе жатқан қасиетті мереке –Құрбан айт жайлы түсіндіру. Дөңгелек үстел барысында студенттер қауымына ұлық мерекенің шыққан тарихы мен маңызына тоқталып, бүгінде бұл мейрамды қалай тойлау қажеттігін, құрбандық шалудағы әдептер турасында сөз қозғалды. «Әкесінің байлығы барлық перзенттеріне жетіп, одан артылып тұрған болса балиғат жасына жеткен ұл-қыз бала да өз атынан құрбандық шалуға рұқсат», - деді наиб имам Рауан Айтқазин. Студенттерді Құрбан айт күні ғұсыл алып, таза киіммен мешітке келіп, айт намазына қатысуға шақырды. Мешітте ұйымдастырылатын игі шараларға белсене араласып, ұлық мерекемізді насихаттап кең көлемде тойлату қажеттігі де назардан тыс қалған жоқ. Наиб имам жастарға ата-анаға құрмет көрсетіп, ағайын-туыспен татулықты жалғастырып, өкпе-назы барлар бір-бірін кешіріп, тату болу мұсылманшылықтың басты белгісі екенін атап өтті. Студенттер көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, пікір алмасты.


Балқаш қаласы мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="19061,19062,19063"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары