Center Image
IHSAN.KZ
Құрбан айт қарсаңында Құранды мәнерлеп оқудан жарыс өтті

Шет ауданы бойынша барлық мешіттерде Құрбан айтқа дайындық басталды. Айт қарсаңында «Жанқұтты би» мешітінде жастар арасында Құран Кәрімді мәнерлеп және жатқа оқудан байқау ұйымдастырылды. Ой өрісі кең, білімі жоғары таланттар бағын сынады. Жұрттың назарын Құрбан айтқа бұру мақсатында өткізілген сайыс қорытындысы, Құрбан айттың соңғы күні жарияланады. «Жанқұтты би» мешітінің бас имамы Маханбетчин Берік қажының басқаруымен аймақтағы барлық мешіттерде тазалық жұмыстары жүргізіліп, айт күндері болатын іс-шаралар халыққа хабарлануда. Бүгінде мешіт қабырғаларына баннерлер ілініп, ауласы шөптерден тазартылып, құрбандық шалатын жамағатқа мешіттің есігі айқара ашық. Айт намазы 24-қыркүйек күні таңғы 08:30-да басталады. Айт намазынан кейін мешіттерде дайындалған арнайы орында құрбандық шалынады. Құрбандыққа шалынған малдар әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, жетім-жесірлерге, көпбалалы отбасыларға таратылады. Берік қажы Алпысбайұлы барша қала тұрғындарын Құрбан айтта жадыраңқы көңіл-күйде жүріп, ағайын-туыстың татуласып, әр отбасында бақыт орнауын тілейді. Қасиетті Құрбан айт барша мұсылманның бірлігін күшейтіп, өзара бауырластықты арттырады.

«Жанқұтты би» мешітінің баспасөз қызметі

[gallery link="file" ids="19072,19073,19074,19075,19076,19077"]

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz