Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Терроризмге жол жоқ!
04 қазан, 2015 жыл 105 Басып шығару нұсқасы

Шет ауданы әкімдігінде терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті. Қоғамда белең алып жатқан өткір мәселенің біріне айналып отырған бұл тақырып аудан әкімі Р.Қ.Әбдікеровтің басқаруымен кең көлемде өтіп, бірнеше тақырыптар қамтылды. Басқосуға Қарағанды облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті Департаментінің Шахтинск қалалық бөлімінің бастығы А.Ж.Өтебеков арнайы келген. Сонымен қатар, аудандық ішкі істер бөлімі, төтенше жағдайлар бөлімі, ішкі саясат бөлімі және т.б. атқарушы мекемелер басшылары мен аудан әкімдері, сондай-ақ Шет ауданы «Жанқұтты би» мешітінің бас имамы Б.А.Маханбетчин қатысты. Террорлық әрекеттерге жауапты орындардың дайын болуы, қауіптің алдын алу, жергілікті жерлерде экстремизмге жол бермеу, сынды көптеген мәселелердің басы ашылған жиында сөз алған «Жанқұтты би» мешітінің бас имамы Берік қажы Алпысбайұлы өзекті тақырыптың өзегі қайдан шығатынын ашып айтты. Атап айтқанда, ауылдық жерлерде молдалардың жетіспеуі, тұрғылықты баспана мен жалақының аздығы имамдардың белгілі жерде тұрақтауына кедергі болып, соның нәтижесінде жаңадан салынған мешіттердің бос тұрғаны, сол себепті молдасы жоқ ауылдарда жат ағымдар шоғырланатыны баса айтты. Маханбетчин Берік қажы орайы келген осы сәтті пайдаланып, «Мекеме басшылары мен қызметкерлері мешітке жиналса мен оларға діни сауаттарын ашып, оқытуға қашанда дайынмын», - деген ұсыныс білдірді. Аудан әкімі бұл ұсынысты қолдап, алдағы күнде қолға алынатынын жеткізді. Жыл басынан атқарылған діни іс-шаралар жайында «Шет ауданы ішкі саясат бөлімі» ММ бастығы Елдос Смағұлов баяндады. Жалпы жиын барысында экстремизм мен терроризмнің алдын алу, оның тамырына балта шабу турал ой-пікірлер ортаға салынып, аудан әкімі бірқатар тапсырмалар берді. Қарағанды облыстық Ұлттық қауіпсіздік комитетінен келген мамандар әрбір іске байқампаздық, жауапкершілік қажет дей келе, жиында отырған мекеме басшыларын біріге жұмыс жасауға шақырды.


«Жанқұтты би» мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="19532,19533,19534,19535"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары