Center Image
IHSAN.KZ
Рухани кеш өтті

«Бала қажы» мешіті «рухани келісім күнін» әлі де жалғастыруда. Аталмыш мерекеге орай «Майқұдық» ықшам ауданының мәдениет сарайында зиялы қауым өкілдеріне «Руханият» атты кеш өтті. «Бала қажы» мешітінің бас имамы Махмұт қажы Нұрұлы Октябрь ауданының әкімі Ержан Оралұлы және әскери бөлімшемен біріге отыра зиялы қауымның басын қосып кеш ұйымдастырды. Асыл дінімізді ардақтап, қанатын кеңге жаюына сүбелі үлесін қосып жүрген Махмұт қажы Нұрұлы жиналған халыққа ислам дінін әспеттеп, әсерлі уағыз айтты. Көрермендер де сауалдарын жолдап, пікір алмасып отырды. Жиналған қауым ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып, рухани азық алып, жанымыз жадырап қалды дейді.

«Рухани келісім күніне» арналған кеш Пришахтинск елді мекенінде де өткізілді. «Жастар» сарайында жастар мен жасөспірімдерге дінаралық татулық жайында дін өкілдері жиналып, дінаралық татулық жайында сөз қозғалды. «Бала қажы» мешітінің наиб имамы Ү.Ж. Бақтыбайұлы сөз алып, жастарға ислам дінінің құндылықтарын айта отыра, ата дініміздің сыйластық, татулыққа аса ден қоятындығын баса айтты. Дінаралық татулықтың маңызы жайлы әңгімелей келе, жастарға үлкенге құрмет, кішіге ізет көрстеіп, әрдайым ынтымақтастықта болуға шақырды.

«Бала қажы» мешітінің баспасөз қызметі

[gallery link="file" ids="19946,19947,19948,19949,19950"]

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz