Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Адамгершілік асыл қасиет» рухани-танымдық кеші өтті
20 қазан, 2015 жыл 284 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының қазан айы бойынша қарттарға көңіл бөліп, оларға жан-жақты қайырымдылық көрсетілуі тиіс деген нұсқауын басшылыққа ала отырып, қалалық №1-мешітінің имамдары мен «Жалпы және Жастар» бөлімі рухани-танымдық іс-шара өткізді. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді ұстанымға айналдыра отырып рухани-танымдық кешке «Адамгергершілік – асыл қасиет» атты тақырып қойылды. Ер түріктің бесігі болып саналған «Түркістан» атына қойылған мейрамханада өткен кешке жүз елуден астам қонақ қатысты. Олардың қатарында кәсіпкер азаматтар, мешіт ақсақалдары мен жас буын, қарттар үйінің тұрғындары болды. Кеш барысында ас беріліп, дәм үстінде ұлттық аспаппен жыр-термелер шырқалып, тәрбиелік мәндегі бейнероликтер көрсетілді. Наиб имам Бақдәулет Қыдырбайұлы ата-анаға құрмет көрсету мен адамгершілік қасиеттер турасында насихат айтты. Тәттімбет колледжінің студенттері имамдардың даярлаған мәтіні бойынша қарттар үйі мен адамның көзге көрінбейтін дұшпаны саналған әзәзіл азғырушының адамды қалай арбайтындығы жөнінде театрландырылған қойылымы көпшілік назарына ұсынылды. Көңілге түрлі ой салған рухани кеш соңында ел мен жұртқа тыныштық тілеп ақсақалдар бата жасап, қарттар үйінің тұрғындарына қайырымдылық ниетпен сый-сияпаттар жасалды. «Түркістан» мейрамханасының қожайыны Перизат ханымның демеушілігімен атқарылған игі шараға разы болған қонақтар, алғыстарын білдіріп, көтеріңкі көңіл-күймен тарқады.


Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі.


[gallery link="file" ids="19965,19966,19967,19968,19969,19970,19971,19972,19973,19974,19975,19976,19977,19978,19979,19980,19981"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары