Center Image
IHSAN.KZ
Бейіт басы қоқыстан тазартылды

Жыл сайын діни қызметкерлер бейіт басына тазалық жұмыстарын жүргізіп, мешіт жамағаттарымен бірлескен сенбіліктер ұйымдастыратын. Бірнеше жылдан бері дәстүрге айналған сауапты іс-шара барысында қала іргесіндегі қорымның ішкі тазалықтары тұрақты жағдайда қалыптасты. Дегенмен, әуежайға баратын күре жолдың бағытындағы қорымның айналасы қоқыс тасымалдаушылардың салғырттығынан айтарлықтай ластыққа айналып бара жатқан болатын. Көптен күткен күрмеулі мәселе жергілікті билік өкілдерінің қолдауымен жүзеге асырылып, нәтижесінде бейіт айналасы қоқыстан толықтай тазартылды. Осы сауапты істің басында болған Қарағанды №1-мешітінің наиб имамы Арыстанбек Ахынбекұлы бұқара халықты дүниеден өткендерге құрмет етумен қатар, қоршаған ортаны таза ұстауға шақырып БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.

Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі.

[gallery link="file" ids="20070,20071,20072"]

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz