Center Image
IHSAN.KZ
«Мұсылманның тұлғалық бейнесі» мекемелердегі мінберде айтылып жүр

Дін кез-келген жеке адам, қоғам, ұлт өміріндегі ең маңызды фактор. Бүкіл адамзат тарихында ислам дінінің алар орны ерекше. Асыл дініміз ғылым мен білім, мәдениет пен өркениеттің сарқылмас бұлағы. Кіршіксіз таза болмысымызды сақтау үшін ҚМДБ-ның тұжырымдамасында да уақыт ағымына сай түрде бекітіп берген. Мұсылманның сипаттары мен Отанға, елге, жерге, ата-анаға, туысқанға тән қарым-қатынастарын насихаттау барысында Қарағанды қалалық №1-мешітінің наиб имамы Байсенбаев Хайрулла қаламыздағы теміржол мекемесі мен «Қазіргі заманғы көпсалалы колледжінде» өткізілген кездесулерге қатысты. Бұқара қауыммен кездесу барысында «Мұсылманның тұлғалық бейнесі» таныстырылып, иман мен ибалық қасиеттер дәріптелді. Осындай ұшырасулар барысында наиб имамға «Қазақстан болашағы үшін жастар қозғалысы» ҚБ және «Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ атынан ұлтаралық келісім мен конфессияаралық тұрақтылыққа қосқан үлесіне алғыс білдіріп, арнайы сертификат табысталды.

Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі.

[gallery link="file" ids="20091,20092,20093,20094,20095"]

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz