Center Image
IHSAN.KZ
Рухани әңгіме жастарға үлгі
Шахтинск қалалық кеншілер мәдениет сарайында дін өкілдері және мәдени орталықтар, сондай-ақ, жастардың қатысуында рухани келісім күніне орай дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Айтулы күн - Қазақстанда бірлік пен достықты ту етіп өмір сүріп келетін ұлттар мен ұлыстардың татулығының айғағы. Осы мерекелік сана бұдан 20 жыл алдын бүкіләлемдік рухани келісім конгрессінің I сессиясында қабылданған болатын. Өткізілген дөңгелек үстел басына жиналғандарға рухани келісім күнінің маңызы мен мәнін айқындаған қала әкімінің орыбасары Қайыржан Тілейбергенов, «Нұрлы білім» қоғамдық бірлестігінің басшысы Рүстем Сыздықов сонымен қатар, Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің наиб имамы Нұрғали Байкешов және өзге діннің өкілі, сала мамандары арнайы қатысты. Басқосу барысында еліміздегі ұлттардың берік татулығы, өнегелілігі кеңінен айтылып, патриоттық сезімге толы тақырыптарда шет қалмады. Әсіресе, жастар санасына ғибратты, тәрбиелік маңызы бар өсиеттер жеткізілді. А.Тұржанов [gallery link="file" ids="20127,20128"]

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz