Center Image
IHSAN.KZ
Оқушылар Тұғырнамамен толықтай таныс!

Иманды берік ету білім алудан басталса керек. Ислам құндылықтарын насихаттау мешіт имамдарының басты міндетіне айналғалы қашан. Діни салада туындайтын көптеген сауалдарға жауап беру мақсатында Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің наиб имамы Б.А.Дариев №7 гимназия оқушыларымен кездесу өткізді. Жиынға құқық қорғау қызметкерлері де қатысты. «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы» таныстырылып, ислам негіздері түсіндірілді. Жат ағымның жетегінде еріп кетпеу үшін, діни сауат ашып, көзіқарақты азамат болуларын тіледі. Сондай-ақ, кездесу барысында террорлық әрекеттерге себепкер болатын факторлар, экстремизмнің алдын алу жолдары да қарастырылды. Оқушылар өз тараптарынан сұрақтар қойып, құқық қорғау қызметкерлері мен наиб имам Берік Алсейітұлы ұтымды жауаптар берді. Бүгіннің жастары дінге, соның ішінде Ислам дініне бойұсынып, бір Аллаға құлшылық етуді тура жол деп біледі. Ата дәстүрімізді жалғастырып, батыстан келе жатқан дүрбелең әрекеттерге бой алдырмауды әрбір саналы азамат ұғып отыр. Сол себепті де кездесуге келген жастар залға лық толған. Барлығының мүддесі бір – тура жолды таңдау! Ілім алып, болашаққа үлкен үмітпен қарайтын осындай жастар тұғырнамамен толықтай танысып, бүгінгі кездесуден өзекті ой түйді!

«Бала қажы» мешітінің баспасөз қызметі

[gallery link="file" ids="20219,20220,20221,20222,20223"]

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz