Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Шет ауданы «Мұсылман тұғырнамасымен» танысты
29 қазан, 2015 жыл 103 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды қаласының облыстық орталық мешітінің наиб имамы Дархан Асылтайұлы мен ҚМДБ-ның  Қарағанды өңірі бойынша «Жастар ісі бөлімінің» меңгерушісі Уақасов Мадияр Шет ауданына іс-сапармен барып қайтты. Дін өкілдері Шет ауданның мәдениет үйінде аудан халқымен кездесіп, дін төңірегінде біраз жайттан хабардар етті. Аудан жұртшылығы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы форумында бекітілген «Мұсылман тұғырнамасы» атты құжаттамамен таныстырылды. Наиб имам  Дархан Асылтайұлы өз сөзінде «Тұғырнама бүгін қоғамда белең алып отырған өзге дін ағымдарына жол бермей, алдын-алудың басты кепілі», - деді. «Жастардың ата-бабамыз ұстанған дінімізді қатеге балап, салт-дәстүрімізді жоққа шығарып, өзге дінді құп көруінің басты салдары – діни сауатсыздық. Бірнеше тарау мен тараушалардан тұратын «Тұғырнаманың» мазмұнына үңіліп, ондағы ислам дінінінің басты негіздерін жатқа білген адам қателікке бармайды», - деді «Жастар ісі бөлімінің» меңгерушісі Мадияр Мейіржанұлы.


Жасы да, кәрісі де жиналған аудан халқы сұрақтарына жауап алып, қариялар осындай жастарға дұрыс бағыт-бағдар көрсететін тағылымы мол шараларды жиі ұйымдастырып тұру керек десті. Шет ауданының «Жанқұтты би» мешітінің бас имамы Б.А.Маханбетчин осы қарқынмен әрі қарай жұмыс жасап, жат ағымға жол бермей, халықтың сауатын ашуда жұмыс жүргізіледі деді.


Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="20229,20230,20231,20232,20233"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары