Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Шығыс» базары намазханасына Құран кітап сыйланды
30 қазан, 2015 жыл 157 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды облыстық орталық мешітінің наиб имамы Абдрахманов Ысқақ «Шығыс» базары ұжымымен кездесіп қайтты. Әрдайым мешіт жанынан табылып, діни іс-шараларды қалт жібермей, ат салысып жүретін «Шығыс» базары ұжымының мешітке тигізген көмегі зор. Мешіт ұжымы «Шығыс» базары қызметкерлері мен мешіт жамағаты ақсақал Ураев Рафухжон Юсуповичке ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкілі, Қарағанды облыстық орталық мешітінің бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының алғыс хатын табыстап, шексіз ризашылықтарын жеткізді. Қолдаушыларға сый-құрмет ретінде базардың намазханасына қасиетті Құран кітап хадия етті. Базар ұжымы ризашылықтарын білдіріп, базар жанындағы дәмханаға дастархан жайып, қонақ қылды. Дастархан басында әдемі әңгіменің жібін тарқатып, ислам құндылықтары жайында уағыз да айтылды. Наиб имам Ысқақ Рахимбекұлы «Кез-келген діни іс-шаралардың жоғары деңгейде өтуі, қайырымдылық істердің көп жасалуы ең алдымен осындай атымтай жомарттардың қолдауының арқасында жүзеге асады. Алла разылығы үшін аянбай барын салған жандарға, алғыс білдіріп, Алладан амандықтарын сұраймыз», - деп ағынан жарылды.


Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="20276,20277"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары