Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Аудан оқушыларымен кездесу өтті
03 қараша, 2015 жыл 170 Басып шығару нұсқасы

Өскелең ұрпаққа тағылымы мол тәрбие беру, бойына өнегелі істерді сіңіру қоғамның басты міндеті. Оңы мен солын енді танып келе жатқан жасөспірімге діни іліммен сусындатып, дін төңірегінде хабардар ету маңызды. Бүгін де дін өкілдері мектеп оқушыларымен жиі-жиі кездесулер ұйымдастырып, дініміздің асыл қасиеттерін дәріптеуді дәстүрге айналдырған. ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы облыс имамдарына бұқараға дәстүрлі дінді насихаттау турасында тапсырма берген болатын. Бұқар жырау ауданы мешітінің бас имамы Аманбол Рымқұлұлы да өңірінің жастары мен жасөспірімдерін имандылыққа баулып, кездесу ұйымдастыруда. Ауданның Ю.Гагарин атындағы орыс мектебінің оқушыларымен кездесіп, орыс тілінде уағыз-насихат айтты. Оқушыларға радикалды діни ағымдардан сақ боуға шақырып, діни экстремизм мен терроризмнің зардабы жайында тарқатып айтты. Мұсылманның тұлғалық бейнесі анық көрсетілген «Мұсылман тұғырнамасы» жайында ақпарат беріп, оқушылардың қолдарына ұстаттаы. Сонымен бірге «Хижрат» сөзінің мән-мағынасы түсіндірілді. Оқушылар сауалдарына жауап алып, ұстаздар қауымы бас имамға алғысын білдірді.


Бұқар жырау аудандық мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="20365,20366,20367"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары