Center Image
IHSAN.KZ
Әрбір мұсылманға қажетті деген құжаттар таныстырылды

Қарағанды өңірінде Республикалық имамдардың І форумында қабылданған «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «ҚМДБ қызметкерлерінің этикасы», «Имамның тұлғалық келбеті» және «Мұсылманның тұлғалық бейнесі» атты төрт құжатты кеңінен насихаттау мақсатында арнайы кездесулер ұйымдастырылып келеді. Осы айтулы жұмыстың нәтижесі Шахтинск қаласының мәдениет үйінде жалғасты. Атаулы төрт құжаттың ішінен «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «Мұсылманның тұлғалық бейнесі» атты құжаттарын дәріптеу турасындағы шараға Қарағанды облыстық орталық мешітінің наиб имамы Асқар Қуатбеков пен Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы Досбол Ыдырысұлы және қаладағы бірнеше мектептің оқушылары ұстаздарымен келіп қатысты. Отырыс мақсатының мәнісі турасында имамдар толық түсіндіріп, әрбір мұсылман баласына қажетті деген құжаттарды біле жүру жайында әңгіме өрбіді. Сонымен бірге оқушылар тарапына қойылған сұрақтары бойынша тұщымды жауап беріліп, оның ішінде қазіргі заманда білім алудың және үлкендерімізді құрметтеу ең асыл міндет екенін атап өтті. Жалпы кездесу кезінде ҚМДБ тарапынан шығарылған тағылымы терең кітапшалар насихатталумен бірге оқушылар оқып жүрсе деген ниетпен естелікке таратылды.

Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің баспасөз қызметі

[gallery link="file" ids="20515,20516,20517,20518,20519"]

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz