Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Бас мүфти Астананың блогер-журналистерімен кездесті (ФОТО)
06 қараша, 2015 жыл 106 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Елордада біртоп блогер-журналистерді қабылдады.


Дәстүрлі кездесуге «Хабар», «Қазақстан», «Асыл арна» телеарналарының продюсерлері, журналистері, блогерлер қатысты. Басқосуда Бас мүфти Діни басқарманың игі жобалары мен жоспарлары туралы баяндап берді. Сонымен қатар дәстүрлі діни мектепті қалыптастыру, имамдардың біліктілігін арттыру, «Зекет» қорының жұмысы, қазақ жастарының діни ілімі, жат ағымдармен күрес, мүфтияттың төрт бағыт бойынша іс-шаралары, т.б. мәселелер төңірегінде пікір білдірді.


«Игі жұмыстарымызға әрдайым ақпараттық қолдау көрсетіп келесіздер. Өз атымнан айрықша алғыс білдіремін. Бізді біріктіретін мақсаттар көп. Бәріміздің илегеніміз бір терінің пұшпағы. Журналист ізгілікті насихаттаса, иманды қоғам құруға үлкен септігін тигізеді. Алла Тағала ел игілігі үшін жасап жатқан қызметтеріңізге береке берсін», – деді Бас мүфти.


Журналистер Діни басқарманың жұмыстарын қолдайтынын, әрдайым ақпараттық қолдау жасауға дайын екенін жеткізді. Қонақтар сонымен қатар мүфтият жанынан журналистер клубын құру, тұрақты сенім телефонын іске қосу туралы ұсыныстарын жеткізді.


ҚМДБ Баспасөз қызметі,
muftyat.kz


[gallery link="file" ids="20440,20441,20442,20443,20444"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары