Center Image
IHSAN.KZ
Кішіпейілділік – кішілік емес, кісілік!

Шет ауданы Ақадыр кентінің «Иса молда» мешітінде «Кешірімділік, кеңшілік, кішіпейілділік – кісіліктің көрінісі» тақырыбында уағыз айтылды. Қарағанды облыстық орталық мешітінің теологы Тағаев Нұрбол жұма намазының алдында жамағатпен қауышты. «Кішіпейілділік адамгершіліктің көрінісі, адамдықдың белгісі», - дей келе, Нұрбол ұстаз мешітте жиналған жамағатқа Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерінен үзінділер келтірді. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Ұлық Алла үнемдегенді бай, ысырап жасағанды кедей қылады, кішіпейіл болғанды көтереді (мейірімін үстем етеді), тәкаппардың сағын сындырады», - деген. Осы сәтті пайдаланып, теолог Н.Тағаев барша жамағатты кешірімді де кеңпейіл болуға шақырды. «Кең болсаң – кем болмайсың» деп атам қазақ бекер айтпаса керек. Алла тарылған адамның несібесін де тарылта түспек. Мешіт жамағаты осы тақырып аясында көкейлеріндегі сауалдарын қойып, ұстаздан өнегелі жауаптар алды. Сөз соңында тәлімгер ұстаз Алла елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Біздің үлкендерімізге құрмет, кішілерімізге мейірім жасамайтын бізден емес» деп айтқан сөзімен насихатын тәмамдап, «Иса молда» мешітінде Жұма намазын оқыды.

«Жанқұтты би» мешітінің баспасөз қызметі

[gallery link="file" ids="20487,20488"]

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz