Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Ақтоғайлықтар «Тұғырнамамен» толықтай таныс
10 қараша, 2015 жыл 109 Басып шығару нұсқасы

«Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы» Ақтоғай өңірінің жамағатын да қуантты. Аудан мешітіне қарасты ауыл молдаларына құжат толықтай таныстырылып, насихатталды. Ауданымыздың бас имамы Ардақ Адильханұлы аймақтардағы барлық мешіт имамдарына «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасын» таратылып, жер-жерлерде үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуі қатаң тапсырды.


Жексенбі күні Ақтоғай аудандық Орталық мешіттің бас имамы Ардақ Түкітаев аудандық Мәдениет үйінде ақсақалдардар мен өңірдің құрметті азаматтарын жинап, кездесу өткізді. Оған Қарағанды облыстық орталық мешіттің теологы, ұстаз Мұхит Жарымбетов және «Зекет қорының» жетекшісі Еркебай Жұматаев арнайы келді. Жиналған қауымға «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы» таныстырылды. Құжатта көрсетілген Исламның негіздері, Сүннет бойынша мұсылмандардың ұстанымдары, адасушылықтан сақтану жолдары, мазхаб, ақида және т.б. мәселелер көтерілген барлық тараулары толықтай ашып айтылды. Сонымен қатар, зиялы қауым өкілдеріне Зекет жайлы тың ақпараттар айтылды. Көп халықтың дұрыс түсінбегендігінен Зекет беру шетте қалып қояды. Сондықтан, «Зекет қорының» жетекшісі Е.Жұматаев ауыл-аймақтарға арнайы келіп, тақырыпты кеңінен ашып, мол ақпарат беруде. Жиын барысында Зекет қорына жиналған қаражаттың мұқтаж жандардың жоғына жамау болатындығы, қайырымдылық шараларының көптеп өткізілетіндігі назарға алынды. «Бес парыздың бірі болатын Зекетке бей-жай қарамаған абзалырақ, жастардың санасына осы мәселені сіңіру қажет», - деген ұсыныс білдірді Е.Жұматаев.


Ақтоғай аудандық Орталық мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="20559,20560,20561,20562"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары