Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Суицид – бізге жат ұғым!
10 қараша, 2015 жыл 159 Басып шығару нұсқасы

Қоғамның дертіне айналған діни экстремизм мен суицид мәселесі Ақтоғай өңірін де бей-жай қалдырмайды. Жат ағымның етегінде кету, өз-өзіне қол жұмсау, әсіресе кәмелеттік жасқа енді толған жасөспірімдер арасында орын алып жатады. Сондықтан, дін қызметкерлері аудандық Мәдениет үйінде жасөспірімдердің басын қосып кездесу өткізді. Ақтоғай аудандық Орталық мешіттің бас имамы Түкітаев Ардақ Адильханұлының ұйымдастыруымен Қарағанды облыстық орталық мешіттің теологы Мұхит Жарымбетов арнайы келген. Ол мектеп оқушылары мен Аграрлық колледж студенттеріне діни экстремизммен күресу, оның алдын-алу және бойды аулақ ұстау туралы насихат айтты. Сондай-ақ, жат ағымнан сақтану жолдарын да егжей-тегжейімен түсіндірді. Кездесу барысында, өз-өзіне қол жұмсау діннен емес деп, әрбір адам баласы Алланың берген өміріне «балта шаппау» қажеттігі айтылды. Қоғамға іріткі салатын жат діндер еліміздің ертеңі болатын жастардың санасын уламауы қажет. Бүгінгі жас буынның санасына суицид секілді дінге жат қылықтармен улап, астыртын саяси үгіт жүргізетін әрекеттер біздің қоғамға жат. Басқосуда айтылған тобықтай түйін осы. Басқа қиындық түскен сәтте, өмірден безуді емес, сол қиыншылықтан шығар жолды іздеген абзалырақ. Жас буынның санасына осыны құйған ұстаз М.Жарымбетов студенттер мен оқушылардың сауалдарына тұщымды жауап берді.


Ақтоғай аудандық Орталық мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="20555,20556,20557"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары