Ақтоғай аудандық орталық мешіті ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамаларын әрдайым толық орындап келеді. Мешіттің бас имамы Түкетаев Ардақ Әділханұлы «Жастар – ел болашағы» атты акцияның негізінде мектептегі жас маман иелерімен кездесу өткізді. Күләш Байсейітова атындағы мектеп түлектері мен жас мамандар соңғы технология негізінде көптеген жаңалықтар ашуда. Талантты жастардың осы беталысын құптаған бас имам, әр маман иесімен жеке кездесуді құп санаған. Ардақ Әділханұлымен өткен жиында еліміздің ертеңі осы жастар екеніне баса назар аударылып, елдің тыныштығы мен бірлігі, білім алу мен иманды бекіту туралы уағыз-насихат айтылды. Өркениетті дамыту жолында еліміздің даңқын шығарар азаматтардың талаптарына нұр жаусын дей келе, Ардақ Түкетаев жастардың алдағы күнде де жаңа белестерден көрінуін тіледі.
Ақтоғай аудандық орталық мешіттің баспасөз хатшысы
[gallery link="file" ids="20725,20726,20727,20728,20729"]