Center Image
IHSAN.KZ
Жамағат пен жастар дін ғалымынан тағылым алды

Облысымызға іссапармен келген РАНТ мүшесі, «Сарыағаш» медресесінің директоры Сманов Әбдісаттар Шәкірұлы Қарағанды қалалық №1-мешітінде қонақта болды. Мешіт жамағаттарымен бесін және ақшам намаздарында жүздесіп, жан-жақты қажетті насихаттар айтты. Діни дүниетанымды дұрыс қалыптастырудың негізгі қағидаларына кеңінен тоқталып, бүгінгі қоғамда өзекті мәселелерге айналған тақырыптар қамтылды. Атап айтқанда, орамал мен «хиджаптың» айырмашылығы, «жихад» пен мінез-құлықты тәрбиелеу тәсілі, басшыға бағынудың парыз екендігі көркем түрде түсіндірілді. Жиылған жамағат дінтанушы ұстаздан көптеген сұрақтарына нақтылы жауаптарын алды. Бас имам Орманбет қажы Болатұлының ұйымдастыруымен «Жас Отан» жастар қанатының жетекшісі Нұржан Арғынұлымен бірлесе отырып ұйымдастыруымен «Нұр-Отан» ХДП филиалында жүзден астам студент жастармен кездесу өтті. «Отанды сүю – иманнан» деген тақырыпта өткен кездесу барысында жастарға «Біз ұстанатын тура жол» жайында ақпар берілді. ҚМДБ-сы форумында қабылданған «Мұсылманның тұлғалық бейнесі» құжатының көшірмесі Қарағанды қалалық №1-мешітінің тарапынан көбейтіліп, кездесуге қатысқан жастарға толықтай таратылды. Сонымен қатар, бүгін қаламыздағы политехникалық университетінің жатақханасында студенттермен жүздесу жоспарланды.

Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі

[gallery link="file" ids="20814,20815,20817,20818,20819,20820"]

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz